Жаңаөзенде 13 жастағы оқушы тәтті нан өнімдеріндайындайды
11 Декабря 2020 (13:42) | 3077 | Автор: Редакция
Жаңаөзен қаласының тұрғыны Арыстан Бекмұханбет 7 жастан бастап тәтті нан өнімдерін дайындауды үйренген. Бұл кәсіпті хоббиіне айналдырудың басты себебі ата-анасына тәтті тағамдар әзірлеп, дәмді аспен қуанту болған. Қазір Арыстан 13 жаста, Жаңаөзен қаласының №20 орта мектебінде 8 - сынып оқушысы. Бүгінде ол тоқаштар әзірлейді.
«Тәтті нан өнімдерін 6-7 жастан пісіріп бастадым. Болашақта арманым ветеринар болу және наубайхана ашу. Негізі барлық тағам түрлерін, тәтті торттар да пісіре аламын. Дегенмен, тәтті нан өнімдерін сүйіспеншілікпен жасаймын. Қазіргі таңда өзім дайындаған нан өнімдерін сатып, үйден тапсырыс қабылдаймын. Ол менің болашақтағы кәсібім емес, жай ғана қызығушылығым», -деді Арыстан Бекмұханбет.
Арыстанның анасы Мәншүк 13 жастағы баласына қолдау көрсетеді. Арыстанның ертеңіне үлкен үміт артып, талай белестерді бағындыратынына жақын жандарының да сенімі мол.
Жаңаөзен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему